Мола ішінде жалаңаш жүрген 16 жастағы қыз елді шулатты… (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Алматы облысында белгісіз біреулер 16 жастағы оқушы қызға қорлық көрсеткен.

Мұнысымен қоймай олар бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Арнамызға осылай деп шағымданған бойжеткеннің ата-анасы кінәлілердің жазалануын сұрап отыр. Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады.

Айта кетейік, Боралдай кентінде болған жағаұстатарлық оқиғаның кей жәйттарын, эфир мәдениетіне сай көрсете алмаймыз. Дегенмен жапа шеккендердің базынасын, алматылық әріптесім жеткізеді.

  Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ: Сұмдық оқиға 24-ші желтоқсан күні кешкі уақытта болған. 16 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен дәл осы өзеннің маңында кездеседі. Оның айтуынша, қыздар осы жерде бойжеткенді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсететін екі жігітті шақыртқан.   Галинаның айтуынша, қос бойжеткен өзін сырттай бақылап жүрген. Кездесу кезінде ештеңе түсіндірместен жұдырық ала жүгірген. Басынан ұрып, денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.  

Галина ТЫРКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОРАЛДАЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Олар маған ауылда өздері туралы қауесет тараттың деп  сес көрсетті. БІздің нашақор екенімізді, есірткі қолданатынымзды кімге айттың деп ұра бастады. Мен оларды мүлде танымаймын да. Әлеуметтік желіде кездесу туралы жазғанда да қоқан лоққы көрсетті.   Бойжеткен қорланғаны жайлы алғашында үйдегілерге тіс жармаған. Үш күннен соң әлгі қыздар оны қайта соққыға жыққан. Киімін шешіп мазардың ішімен ары-бері жүгіруін бұйырған. Сорақысы бұл қылықтарын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.  

Надежда ТЫРКОВА, АНАСЫ: Желтоқсанның 27-і күні қызым үйге көк ала қойдай боп келді. Мұрны сынған. Беті аузы ісіп кеткен. Алғашында не болғанын сұрағанымда айтпай қойды. Кейін мән жәйді түсіндірді. Бірден полицияны шақырдым. Біз зорлық көрсеткен екі жігіттің де оларды видеоға түсірген достарының да әділ жазалануын сұраймыз. Полиция Департаменті іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 123-ші бабы екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда істің мән-жәйі анықтау мақсатында, тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүргізілуде. Ал бұл бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com