Сүйіктісін 14-қабаттан құлатпақ болды (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы жігіт жүріп жүрген өзінің 22 жастағы қызын 14-қабаттан лақтырып жібермек болды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екеуінің арасында жанжал болды. Бұл туралы sputnik.kz жазды. Полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 22 қаңтарда “102” нөміріне Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар адам қызды үйдің 14-ші қабатына шығарып итеріп жіберуге тырысып жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев трагедияның алдын алды.

“Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. 22 жастағы қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапанша ойыншық екені анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің “адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.

Күдікті елордалық департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com