Әлемде

Енді Украина Ресейді шабуылдамақшы ма?

Кеше Оңғар Қабден атты Facebook қолданушысы жеке парақшасында «Британ қарулы күштері Украинаға шабуылдаушы қару-жарақ беретін болды», – деген жазба қалдырған.

Zn.ua ақпараттық порталынан анықтап білгеніміздей, бірер күн бұрын Ұлыбританияның премьер министрі Борис Джонсон журналистердің «Украина тарапы Британиядан әкелінген қару-жарақты Ресей территориясындағы нысандарға қарсы қолданса қалай қарайсыз?»,- деген сұрағына, «Украина өздерін қорғауға толық құқығы бар», – деп жауап берген.
Оған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрі «украиндар Ресей территориясына шабуыл жасағанда батыстың қарулы күштерін пайдалануына Лондон қарсы емес екенін» айта кеткен болатын.
Сәйкесінше, «Facebook» қолданушысының жзабасы шындыққа келеді деп тұжырымдауға негіз бар.

А. Есжан

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button