Әлемде
Компания атауы түрік тіліне өзгертіледі
Turkish Airlines әуекомпаниясы енді Türkiye Hava Yollari деп аталады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда журналистерге айтты.
![Компания атауы түрік тіліне өзгертіледі 1 1](https://depti.kz/wp-content/uploads/2022/06/1-1024x638.jpg)
“Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазатын боламыз” depti мемлекет басшысы.
Ол бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының ағылшын тіліндегі Turkey-ден түрік тіліндегі Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты.
Жалпы, Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу елдің халықаралық атауы туралы БҰҰ Бас хатшысына мамырдың соңында хабарлады, ал 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енді. Енді мемлекеттің атауы бар флагмандық тасымалдаушының атауы да өзгереді.