Коронавирустан айыққан адамда ауру белгілері сақталады

by Depti
0 views

Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Мұндай қорытындыны АҚШ денсаулық сақтау өкілдері жасаған. Маусымның алғашқы екі аптасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы 13 ересек адамның 1-інде алғашқы инфекциядан кейін үш ай немесе одан да көп уақытқа созылмалы COVID-19 белгілері болған. Деректерді 1-13 маусым аралығында АҚШ халық санағы бюросы жинады, ал талдаған – АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары.

Коронавирустың ұзақ мерзімді белгілері – шаршау, жүректің жиі соғысы, ентігу, когнитивтік қиындықтар, созылмалы ауырсыну, сенсорлық ауытқулар мен бұлшықет әлсіздігі.

CDC талдауы жастарда ауру белгілері қарттарға қарағанда жиі кездесетінін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда COVID-19-дан көбірек зардап шеккен: АҚШ-тағы ересек әйелдердің 9,4 пайызы аурудың белгілері ұзақ болғанын хабарлаған, ал ерлердің үлесі – 5,5 пайыз.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com