Мутант масалар пайда болды

pic 300120151617381
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

АҚШ-тың Флорида штатында генетикалық түрлендірілген масалар қоршаған ортаға шығарылды. Мұндай экспериментке Aedes aegypti тасымалдаушы масалардың белсенділігінің артуы себеп болыр отыр. Олар адамды шаққан жағдайда денге және чикунгуния безгегін тудырады, егер уақтылы емделмесе, науқас шок пен қан кету жағдайына дейін жетуі мүмкін.

Экспериментке арналған жәндіктерді бұған дейін Бразилия, Кайман аралдары, Панама және Малайзия сияқты елдерде осындай жобаны жүзеге асырған британдық Oxitec компаниясы ұсынды. Осы елдердегі тәжірибеден кейін тасымалдаушы масалардың саны 90 пайызға азайған. Модификацияланған масалардың шығарылуы пестицидтерді қолданбай-ақ популяцияны бақылауға мүмкіндік беретінін атап өту керек.

Штат билігі зиянкестермен күресуге жыл сайын 1 миллион доллар (430 миллион теңге) бөлетін көрінеді. Үкімет бұл мәселені шешу үшін жүздеген миллион генетикалық түрлендірілген масаны шығару аз шығын әкелуі мүмкін деген қорытындыға келіпті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған