Әлемде

ҚАЙТЫС БОЛҒАН «ГАЗПРОМНЫҢ» ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ МА?

«Твиттер» әлеуметтік желісіндегі Market Rebellion (@MarketRebels) парақшада ақпанның 27-сі, түнгі сағат 01.50-де «Газпром компаниясының қаржы директоры өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды» деп жариялады.
Бұл туралы ақпарат одан бұрын 47news.ru сайтында ақпанның 25-і түнгі сағат 22.46-да жарияланған болатын.

Бұл сайтта қайтыс болған Александр Тюляков «Газпром» компаниясының «БЕАО» бас директорының корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі орынбасары қызметін атқарды деп көрсетілген.

Ал, «БЕАО»-ның ресми сайтында Тюляков Александр Сергеевич деген азаматтың Бас директордың орынбасары – Корпоративтік қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқаратындығы жазылған.

Сондықтан көп ашық дереккөздерде айтылып жатқандай «Газпром» компаниясының қаржы директоры деген сөз шындыққа жанаспайды.
Көптеген әлеуметтік желілер мен сайттар негізгі дереккөз ретінде 47news.ru сайтына сүйенген.

Кейін алғаш ақпарат таратқан Market Rebellion-ның парақшасында өз-өзіне қол жұмсаған адамның «Газпром» компаниясы бас директорының орынбасары Александр Тюляков екендігін түзетіп берді.

Бастапқы дереккөзде де солай көрсетілген еді. https://47news.ru/articles/208119/

Сондай-ақ, оқиғаның Санкт-Петербург қаласында орын алғандығы айтылды. Ал, оқиға нақтырақ Ленинград облысы Выборгский ауданында орын алған. Бұл аудан – Санкт-Петербург қаласының әкімшілік аумақтық бірлігіне жатады. Ақпарат құралдары соны меңгезен болуы мүмкін.

Оқиғаны РФ Тергеу комитетінің Ленинград облыстық тергеу басқармасы мамандары өз-өзіне қол жұмсау фактісінің орын алғандығын айтқанымен, қылмыстық іс қосымша анықталып жатқандығы айтылды.

Тергеу басқармасының сайтында бұл туралы мәлімет жарияланбаған.

Үкім: жалған

Нәзия Жоямергенқызы

Халима Тәжіқұл
ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР ҚОРЫ / TÜRK DİLİ KONUŞAN GAZETECILER VAKFI

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button