Әлемде

Қазақстандық «Голос Украины» төрешілерін таңқалдырды

Алматылық Нұрсұлтан Шатырханұлы «Голос Украины» шоуында Time to Say Goodbye әнін орындап, төрешілер мен халықты тамсандырды. Украиналық байқаудың бірінші кезеңінен өткен ол Қазақстаннан барған үшінші қатысушы болды. 33 жастағы Нұрсұлтан Шатырханұлы өмірбойы үлкен сахнада өнер көрсетуді армандағанын айтты, алайда ол әке-шешесінің ізімен жүріп азық-түлік дүкенін ұстауға көмектескен. Шоу кезінде төрешілер соңғы секундта барлығы Нұрсұлтанға бұрылды. Алматылықтың айтуынша, ол өзін жеңілдім деп ойлаған. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button