Әлемде

Қазақстаннан 11 мыңнан аса маман шетелге кеткен

Қазақстаннан үш тоқсан ішінде 15 жастан асқан 11,4 мың маман кеткен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеулерінде жазылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық порталы.

Пандемияға байланысты шекаралардың жабылғанын ескерсек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8 пайызға аз. Бұл ретте Қазақстаннан кеткен мамандардың үлесі 54,3 пайызға жетті, былтыр 50,6 пайыз болған.

Ел өңірлерінің ішінде ең көп маман Қарағанды облысынан кеткен: 1,7 мыңнан астады. Тізімде Шығыс Қазақстан (1,6 мың маман кеткен), Қостанай (1,4 мың адам) және Павлодар (1,4 мың адам) облыстары да бар. Ең аз кеткендер Қызылорда және Түркістан облыстарында: барлығы 23 және 29 адам.

29c99919136e19594af13b9861970990

Қазақстаннан шыққан адамдардың жартысынан астамының мамандығы техникалық (3,3 мың адам), экономикалық (1,7 мың адам) немесе педагогикалық (мың адам) саладан болған.

Сондай-ақ, елден 561 дәрігер, 387 заңгер, 280 сәулетші мен құрылысшы, ауыл шаруашылығы саласындағы 155 маман кетті. Қалған мамандықтартардан төрт мыңдай адам бар.

Қазақстанға 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,5 мыңнан кем маман келді. Яғни, жаңадан келгендер саны кеткен кадрлардың үштен бірін де жаппады.

Қазақстанға келген экономистердің саны елден кеткендердің 18,1 пайызын ғана құрайды: 1714 және 311. Техникалық мамандар арасында келгендер мен кеткендердің арақатынасы 19,3 пайыз (3331 және 643), заңгерлер арасында – 21,2 пайыз (387 және 82), дәрігерлер арасында – үштен бірі (561 және 187).

Ал ауыл шаруашылығы саласына жаңа 68 маман келіп, 155 адам кетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button