Қазақстанның ұшақтарына Украинада тыйым салынды

by Depti
0 views

Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді», — делінген ИИДМ хабарламасында.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасс жерінде әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағына соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com