Әлемде

Қытайда iPhone өндірісі тоқтап қалды

iPhone шығаратын тайвандық Hon Hai Precision Industry компаниясы Қытайдағы жұмыскерлерін карантинге байланысты үйлеріне қайтарды. 

Bloomberg агенттігінің айтуы бойынша, коронавирустың таралуына байланысты гаджеттерді өндіру жұмыстарын жүргізумен айналысатын бірде-бір адам қалмаған. 

Аурудың таралу қаупін азайту үшін Қытай билігі жаңажылдық демалыстың мерзімін ұзартқан. Аталмыш компания өндіріс жұмысын тек 10 ақпаннан бастауды жоспарлап отыр. 

Ал мерекелік демалыстарға орай үйлеріне қайтпаған жұмыскерлер жеті күнге оқшауланды. 

Foxconn — iPhone-ның көп бөлігін өндіретін Apple-дің ең ірі мердігері. Қытайдағы жағдайға байланысты компания Вьетнамдағы, Мексикадағы және Үндістандағы өндірісін кеңейтті.

Бұған дейін Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты өндірістердің жабылуынан смартфондар мен басқа да гаджеттер бағасының өсетіні хабарланған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button