Әлемде

Қызын құрбандыққа шалуды сұраған әке қолға түсті (+видео)

Гана мемлекетінің Үлкен Аккра аймағынан келген кәсіпкер қызын құрбандыққа шалуды жоспарлап, ойын іске асыру жолында қолға түсті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

42 жастағы Эванс Оппонг өзіне байлық әкелетін рәсім жасамақ болып, жергілікті діни қызметкерге хабарласқан. «Жолымның ашылып, мол байлыққа кенелуім үшін қызымды құрбандыққа шалуыңызды сұраймын» depti ол.

Ал діни қызметкер оған көмектеспей, керісінше, оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Осыдан кейін ер адам қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, әкесінің қолынан босап шыққан қыздың жасы 11-де екен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button