«Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін»

1394468417 32268463 1

Батыстың барлау агенттіктері Мәскеудің шекараға 90 мыңнан астам әскер жинауы Ресейдің Украина тарапын «тұрақсыздандыруы мүмкін” екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Украинская правда» басылымы.

Бұл туралы Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты.

Малярдың айтуынша, украиналық әскери барлау қызметінің ақпараты «серіктес елдердің биыл қыста Украинадағы жағдайдың тұрақсыздану ықтималдығы жоғары екендігі туралы ақпаратымен сәйкес келеді».

Қорғаныс министрінің орынбасары одақтастардың тұжырымдары «Украина шекарасындағы ресейлік әскерлердің саны туралы ақпаратқа ғана негізделмегенін» атап өтті. Вашингтонда Ресей президенті Владимир Путиннің ниеті туралы қосымша барлау мәліметтері бар деген болжам айтты.

Малярдың айтуынша, Ресей Украинаның шығысындағы басып алынған Донбасс маңында, Украинаның солтүстік-шығысына жақын аудандарда және басып алынған Қырым түбегінде әскер жинап жатыр.

Киевтің бағалауы бойынша, Ресей Украинаның солтүстігіне, шығысына және оңтүстігіне 114 мыңға жуық әскерін орналастырды, оның ішінде 92 мыңға жуығы құрлық әскерлері, қалғаны әуе және теңіз қарулы күштері.

Өткен аптада АҚШ одақтастарына Мәскеудің Украинаға ықтимал басып кіруге дайындалып жатқанын көрсететін барлау мәліметтерімен таныстырды.

Путин бұл қорқыныштарды жоққа шығарып, НАТО-ны өзінің жоспарланбаған жаттығуларымен аймақтағы шиеленісті қоздырды деп айыптады.

«Мен болжам айтқым келмейді, бірақ біз Ресейдің Украинаға әлеуетті әскери агрессия жасау мүмкіндігін назарда ұстауымыз керек», – деді ол Брюссельде Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен өткен баспасөз мәслихатында.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: