ШҰҒЫЛ: 15 жастағы оқушы үш адамды атып өлтіріп, сегізін жаралаған

1516881341 stolica s su shkolniki111

Мичиган штатының Оксфорд қаласындағы орналасқан мектепте болған атыстан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Атысты шығарды деген күдікке 15 жастағы мектеп оқушысы ілініп отыр.

Полиция оқушыны 911 нөміріне келіп түскен қоңыраудан кейін мектепке келген уақыттан бірнеше минуттан кейін ұстады. Шабуыл жасаушының аты-жөні мен оқиғаның жәй-жапсары әлі белгісіз. Қайтыс болғандар 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы 15-20 оқ атқан. Қылмыскер қарсылықсыз өз еркімен берілген. Кейін белгілі болғандай, оқиғадан бірнеше күн бұрын оның әкесі қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен тапанша сатып алған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде қолында қару ұстаған жасөспірім бейнеленген суреттер пайда болған. Қылмысқа бару себебі бәймәлім болып отыр.

АҚШ президенті Джо Байден қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

«Оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатқан уақытта, мен жақындарынан айырылудың адам елестете алмас қайғысын бастан кешіріп жатқан отбасы мүшелеріне шын жүректен көңіл айтамын», – деді ол.

Шабуылға байланысты штат билігі онда орналасқан барлық мектептерді келесі аптаға дейін жабады.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: