Әлемде

Суреттегі бала кім?

Америкалық және Түркиялық сайттарда көп жыл бұрын түсірілген Германиядағы эмигрант түрік отбасының суретімен мақала жарияланды. Мақалада суреттегі баланың covid19 індетіне қарсы Пфайзер вакцинасын ойлап тапқан Угур Шахин екені айтылған. Түркітілдес Журналистер қоры Қостанайда ұйымдастырған семинарда суреттегі бала шын мәнінде Угур Шахин бе, жоқ па деген сауал аясында фактчек жасап көрдік.

Суретті Googl-дің сурет іздеу жүйесіне салып, оның неміс фотографы Кандид Хофердің 1979 жылғы «Германиядағы түріктер» туындысы екенін анықтадық.

Угур Шахиннің инстаграмдағы аккаунты арқылы 1965 жылы Түркияда өмірге келгенін, 1960 жылдардың аяғында ата-анасы эмигрант ретінде Германияға қоныс аударғанын білдік.

Сурет 1979 жылы түсірілген. Ол кезде Угур Шахин 14 жаста болған. Ал суреттегі баланың жасы 5-6-лар шамасында.

Үкім: жалған

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button