Әлемде

Жантүршігерлік апаттан 14 адам қаза тапты

Әзербайжанда Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы полигондағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады.

Соның салдарынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Haqqin.az ақпараттық сайтының мәліметінше, тікұшақ апаты Хызин ауданындағы Гарахейбат полигонында болған. Сағат 10:40 шамасында оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген тікұшақ белгісіз себептермен құлаған.

Қаза болғандардың бәрі дерлік әскери азаматтар. Әскери тікұшақ апатынан аман қалғандар да бар. Бірақ олардың жағдайы ауыр екен.

Қазір апаттың себебі анықталуда. Оқиға орнында тексеру жұмыстары қолға алынған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button