ӘлемдеCOVID-19

«Жуырда жарты миллион адам өлуі мүмкін…»

«Кәрі құрлыққа» коронавирустың кезекті толқыны жетуі ықтимал.

Күннің суытуы мен кей мемлекеттердегі екпе салу жұмыстарының әлсіз жүруі қазіргі жағдайды ушықтырып отыр. Жағдайды қолға алмаса, дерт құрбандарының саны 500 мың адамға жетуі әбден мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ Еуропа бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

ТАСС ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Ханс Клюге британдық «Би-Би-Си» корпорациясына берген сұхбатында шектеу шараларын ширатпаған жағдайда ахуалдың қиындай түсуі мүмкін екендігін айтқан.

  • COVID-19 біздің аумақта өлім санының өсуіне тікелей әсер етіп отыр. Міндетті екпе алу дертпен күресте ең шешуші фактордың бірі. Алайда бұл қадамға бармай тұрып, өзге де шараларды қарастырған дұрыс,

—дейді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аумағындағы Covid-19 жағдайына қатты алаңдап отыр. Мамандар тұрғындарға медициналық бетперде тағып, екпе алу керектігіне кеңес беруде.

Осы жағдайға байланысты Еуропадағы кей мемлекеттер соңғы кездері коронавирусқа қарсы шараларды қатаңдатуға мәжбүр болған. Олар тұрғындарды екпе алу ісіне мейлінше көбірек көңіл бөлуге шақырып отыр.

Кей елдерде ахуал тіптен қиындай түспек. Мәселен, Австрияда 22 қарашадан бастап жаппай локдаун енгізілмекші. Ал Данияда қоғамдық орындардағы шараларға қатысу үшін ковид-паспорттарды енгізу көзделген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button