АТЫРАУДА

«АУЫЛДЫҚТАР» АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Өткен сенбіде «Ауыл» партиясы мен облыстық мәслихат депутаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап Атырау қаласындағы №31 мектеп-гимназиясының ауласына 30 тал екті.

Экологиялық акцияға қатысқан партия депутаттары Нұрлан Муталиев, Қайрат Қоныс және өңірлік филиал төрағасының орынбасары Жанәділ Муратуллин барша тұрғындарды өндірісті өңірді жасыл желекке жайқалту жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Өз кезегінде аталған мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ғарифолла Мағзомов қазір аймақтағы экологиялық ахуал қиындап тұрғанын, ал, оны жақсарту жергілікті тұрғындардың қолында екенін атап өтті.

img 20211121 wa0031 1

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button