Атырауда шеруге қатысқандардың жазасы жеңілдетілді

by Depti
0 views

Сот Атырауда 4-5 қаңтарда өткен митингіге қатысушылардың жазасын жеңілдетті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.

Іс материалдарына сәйкес, әкімдіктің рұқсатынсыз өткен митингке 11 қала тұрғыны қатысып, бейбіт жиын өткізу туралы заңды бұзған.

Апелляциялық сот істерді қарау кезінде өтеу мерзімін шектей отырып, әкімшілік қамаққа алу мерзімін қысқартты.

Мәселен, бір адамды қамауға алу мерзімі 13 тәуліктен 9 тәулікке, үш адамды – 10 тәуліктен 8 тәулікке, төрт адамды – 10 тәуліктен 7 тәулікке, екі адамды – 10 тәуліктен 6 тәулікке, тағы бір адамды – 5 тәуліктен 3 тәулікке дейін қысқартты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com