ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЙТЫП КЕЛЕ МЕ?

screenshot 20220125 163700

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының әкімін қызметке қайтару жөнінде Үндеу жасаған қоғам өкілдеріне жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қайырлы күн, құрметті жерлестер!Бір топ қоғам белсендісі, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің маған жолдаған үндеуі мен Алмалы селолық округі Береке ауылы тұрғындарының өтінішін оқыдым. Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың қызметіне қайтадан оралуын сұрауларыңызды оның екі жылдай уақытта жасаған жұмысына деген оң баға деп білемін.

Мен Қайрат Құлымұлына ұсынысымды қабыл алып, күрделі уақытта қала әкімі қызметін атқарып, өзіне жүктелген тапсырмаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін алғысымды білдіремін. Іскер әрі талапшыл басшы ретінде шаһардың дамып, гүлденуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, жылдар бойы келе жатқан бірқатар проблеманың шешілуіне оң ықпал етті. Қоғам белсенділерімен, әлеуметтік әлжуаз топпен, жалпы халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, қоғамдағы қордаланған мәселелерді дер кезінде шешіп отырды.

Өткен аптада Қайрат Оразбаев қала әкімі қызметінен кететіні туралы өтініш жазды. Мемлекеттік қызметтің принциптерінің бірі – азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi.

Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан босау құқығына ие. Осыған орай Қайрат Оразбаевтың отставкасын қабылдап, жұмыстан босаттым. Баршаңызға арнайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Оразбаевтың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін!» деп аймақ басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында. 

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: