АТЫРАУда 46 адам әкімшілік ҚАМАУға алынды (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Атырау облысында Төтенше жағдай режимі кезінде 254 әкімшілік хаттама толтырылған.

https://www.youtube.com/watch?v=w2g_DWjSDXc&feature=emb_imp_woyt

Атырау облысы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 5 қаңтардан бастап елімізде төтенше жағдай енгізіліп (5-19 қаңтар аралығында), коменданттық уақытпен сағат кешкі 23.00-ден таңғы 07.00 аралығына шектеу қойылды.

Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, облыс аумағындағы барлық маңызы бар стратегиялық объектілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Облыс орталығының аумағы бойынша 4 блокпост және Теңіз кең орнында 1 блокпост қойылып, автокөліктерге тексеру жұмыстары жүргізілді.

Комендаттық уақытты сақтауда жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Қаладағы 6 кепірдің екі жағынан 12 пост қойылып, жұмыс жасады. Коменданттық режимді бұзу бойынша 254 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік қамауға 46 адам алынды, 19 тұлғаға айыппұл салынып, 117 тұлғаға ескерту берілді. Төтенше жағдай талаптарын орындамаудың 2 фактісі анықталып, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында алкогольдік ішімдіктерді сатумен айналысқан 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Төтенше жағдай кезінде, облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция қызметкерлерімен бірге, өз еріктерімен 97 қоғамдық тәртіп сақшылары өз үлестерін қосты. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері 100% одан әрі күшейтілген режимде қызмет етуін жалғастырады. Енгізілген төтенше жағдай шектеу талаптарына Жергілікті тұрғындардың түсіністікпен қарағандарына алғысымды білдіремін. Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай, бүгіннен бастап облыс аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы басталды, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com