АТЫРАУДА

«Ажар» сауда орталығының алдында көлік өртенді

Атырауда жеңіл автокөлік өртенді.

2022 жылғы 19 қаңтарда сағат 08:39-да Атырау қаласында Гурьевская көшесінде жеңіл автокөліктің жанып жатқандығы туралы хабар түсті.

Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде, «Ажар» сауда орталығының алдында, Қазақстан тіркеуінде тұрған 2003 жылы шығарылған Volkswagen Wolf маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінің жанғаны анықталды.

Өрт сағат 08:51-де толық сөндірілді.
Өрттің себебі – тоқтың қысқаша тұйықталуы.
Барлығы №3 Өрт сөндіру бөлімінің 1 техникасы мен 5 жеке құрам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

(Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы арқылы)

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button