Атырауда төтенше жағдай қызметкерлері жақында ғана 19 қаңтарда тоғызға толған баланың денесін судан тауып шығарды…
“23 қаңтар күні сағат 19.00-де ТЖД сүңгуірлері Перетаска каналының ортасына жақын жерде жоғалып кеткен баланың денесін тауып алды” делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін, яғни, 23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы полиция департаментінен 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де Балықшы ықшамауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала көшеге шығып, үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз күштерімен іздеу нәтиже бермеген соң, жергілікті ТЖД қызметкерлері іздеуді бастаған болатын.