БІР АПТАДА – 3227 НАУҚАС: Атырауда ауру ошағы табылды

by Depti
2 views

Атыраулық мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошақтарын атады.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошағы қоғамдық орындар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Адамдар көп жағдайда сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындарына бару арқылы қатерлі дертке шалдығуда. Сондай ақ, адамдардың еске алу, мерейтой, үйлену тойлары сынды отбасылық шараларға жиі қатысуы арқылы да, ​ коронавирус инфекциясы өршіп жатыр.

«Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу қауіпті инфекцияны жұқтыру ошағының ​ 35,8%-ы аталған орындар екенін көрсетіп отыр. Науқаспен ​ жақын қарым – қатынаста болғандар, қоғамдық көлікті жиі пайдалану, ​вахталық кенттерде жұмысшылардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуы да инфекцияның таралу ошағына айналып отыр» делінген ​ Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, соңғы жеті күнде, яғни 10-17 қаңтар аралығында Атырауда ​ 3227 адам коронавирус жұқтырды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com