WhatsApp мессенджерінде қолданушылар 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылатыны туралы хабарлама таратуда. Бұл фейк.
Алдағы уақытта локдаунның болатыны туралы қауесетті Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды.
– Бұл ақпарат негізсіз. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 «Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулыда Атырау облысы толықтай карантинге жабу туралы мәлімет көрсетілмеген, – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, олар жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.