COVID-19АТЫРАУДА

Атырау облысы коронавирустың жаңа штамына дайын ба?

Бұл сауалға баспасөз орталығында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жауап берді.

Оның айтуынша, Атырау облысы үшінші апта бойы «жасыл» аймақта тұр.

  • Дегенмен, демалудың жөні жоқ. Инфекция қауіпті, ол өте қиын жағдайда өтеді. Тіпті адам өмірін де қиюы мүмкін. Өңірдегі жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында. Облыстағы жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орын жеткілікті, қажетті инвентарь, дәрі-дәрмек қоры бар. Өңір коронавируспен байланысты кез келген жағдайға да дайын, – деді Бақытгүл Қайыржанқызы.

Спикер сондай-ақ, Атырау облысында пандемия кезінде 51975 адам коронавирус жұқтырғанын, оның 51088-і айығып шыққанын айтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button