COVID-19Қазақстанда

ШҰҒЫЛ: ОМИКРОН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕШІГІП КЕЛЕТІНІН АЙТТЫ…

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының пайда болу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Бәйге» порталына сілтеме жасап. 

«Бүгінгі таңда Omicron 60-қа жуық елде тіркелген, бұл бір айдың ішіндегі көрсеткіш. Бұл Omicron өте тез таралып жатқанын көрсетеді. Басқа штамдарды мысалға ала отырып, Omicron-ның Қазақстанға келуі уақыт мәселесі деп айта аламыз. Штаммның елге әкелінуіне жол бермеу үшін қолданып жатқан шаралар штаммның келуін кешіктіріп жатыр», – деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, ғалымдарда Omicron штаммы туралы сенімді деректер жеткіліксіз.

ДДСҰ омикрон штаммынан қайтыс болғандар санының өскенін 

«Бүгінгі күні бізде Omicron туралы деректер өте аз. Тек басқа елдерден алынған деректер бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл штамм негізінен 18-39 жас аралығындағы адамдарға әсер етеді деген ақпарат бар. Сондықтан, бұл вирустың жеңіл өтетінін көрсетуі мүмкін. Ол тез таралады, бірақ ауруханаға жатқызуды аз талап етеді және өлім-жітім саны төмен», – деп қосты Есмағамбетова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button