АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда вакцина алғандарға қосымша ақша төленетіні туралы жалған ақпарат тарады

«Теңізшевройл» (ТШО) вакцина алған қызметкерлерге қосымша төлем төленетіндігі туралы әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпараттан хабардар. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ТШО-да вакцинациялау бағдарламасы ерікті түрде жүзеге асырылуда және бүгінгі күні Теңізде 94% астам қызметкер екпе алды.

ТШО-ның басты құндылығы – қызметкерлердің және өзіміз жұмыс істейтін қауымдастықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау болып қала беретінін атап өтеміз. ТШО компанияның және мердігер ұйымдардың  барлық қызметкерлері ақпараттың бастапқы көзіне ғана сенеді және егжей-тегжейлерді анықтау үшін өздерінің тікелей басшыларымен байланысады деп күтеді. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button