Қазақстанда

Павлодарда күйеуі әйелін тірілей өртеп жіберді

Павлодар соты өз әйелін өртеп жіберген ер адамға қатысты үкімді шығарды.

Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Қайғылы жағдай Павлодар облысындағы Розовка ауылында жаз мезгілінде болған. Қайын атасының мерейтойында алкагольді сусыннан ұрттап алған күйеу бала үйіне көлікті тізгіндеп қайтпақшы болады. Келіншегі тоқтатуға тырысқанымен, арада келіспеушілік туындап, арты жанжалға ұласқан.

Ұрыс кезінде ер адам тоңазытқыштан спирт алып, келіншегінің үстіне құяды. Артынша өртеп жіберген, — дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Ж.Қайыров.

Өртенген әйелінің айғайлаған дауысынан есін жиған күйеуі қайта отты өшіруге тырысады. Бірақ келіншек ауруханада көз жұмды.

Осыдан кейін бірден тергеу жүргізіліп, ер адам ұсталды. Кінәсін толық мойындаған оған сот ҚК 106-бабынің 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша үкім шығарды.

«Павлодар облысының Павлодар аудандық соты Б. — ға қатысты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Мас болғанан, кінәні толық мойындағанын және кішкентай балаларының барын ескере отырып, сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесіне жіберді», — деді Павлодар облыстық сотындағылар.

Айта кетейік, аталған оқиғадан кейін әлеуметтік желіде ер адамның әрекеті қызу талқыға түскен. Бірақ келіншектің анасы күйеу баласына қатысты жазбаларды тоқтатуды, көп кінә арта бермеуді сұраған еді.

Күйеу балама қатысты жазбаларыңызды тоқтатуды сұраймын. Оған істеген қылмысы үшін мейлінше жеңіл жаза тағайындалса деген өтінішіміз бар. Себебі үш қыз бала жетім қалып барады. Балалар әлі кішкентай. Оларға әке керек, — деген ойын жазған болатын.

Үкім әзірге толық күшіне енген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button