Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

1 қыркүйектен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдана бастады.

Кандидат PKREZERV.GOV.KZ сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен (іріктеуге қалай және кім қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдері қандай) таныса алады.​ ​ ​

Тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген.​ ​

Үміткерге іріктеу кезеңдерінен өту үшін аты-жөнін, ЖСН-ін, өзіне қолайлы тілді және ең бастысы қолданыстағы электрондық адрес пен ұялы телефонын көрсету қажет.​ ​ ​

Тиісті белгіні қойып, Деректерді сақтау мен өңдеуге арналған келісіммен және Пайдаланушы келісімімен танысып, оларды қабылдау маңызды. Сондай-ақ үміткер белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:

Осы талаптарды қабылдамай, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Үміткер талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 30-на ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ.

Exit mobile version