АТЫРАУДА

Тауда жоғалған студенттердің арасында атыраулықтар да бар…

Түркістан облысы тауларынан табылған 3 студент құтқарушыларға екі топқа бөлінгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі екі топқа бөлінген. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. Қалған төртеуінің әзірше қайда екені белгісіз.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button