15 жастағы баланың 38 мың теңгесін тартып алды (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Атырауда 15 жастағы баланың 38 мың теңгесін тонаған ұры ұсталды.

https://www.youtube.com/watch?v=I5RZLt3aOsU

21 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында кәмелеттік жасқа толмаған баладан бейтаныс біреу қалтасындағы қаражатты көріп ашық түрде тонап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге 38.000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Аталған оқиға жасөспірімнің Атырау қаласындағы тез дайындалатын тағам сататын дүңгіршектен тағам алып жатқан уақытта орын алған. Ақшасы ұрланған жәбірленушінің әкесі бірден 102 операторына телефон шалып, болған оқиға жөнінде шағым түсірді.

– Аталған тонау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1- бөлімімен 21.09.2021 қылмыстық іс тіркеліп, жедел іздестіру іс-шарасы барысында бірнеше мәрте қарақшылық, тонау және ұрлық қылмыстық құқық бұзушылықтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақ зат ретінде құқық бұзушылық жасаған уақытта киген киім-кешегі тәркіленіп уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com