Атыраулық жігіт көлік нөмірін ауыстырып, ұрлап кеткен (+ВИДЕО)

by Depti
1 views

Полицейлер көліктердің мемлекеттік нөмірін ауыстырып таққан 26 жастағы азаматты анықтады.

https://www.youtube.com/watch?v=ioIQJ0HRix0

24 қыркүйек күні сағат 17:20 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан белгісіз ер азаматтың «Mitsubishi» маркалы автокөлігінің мемлекеттік белгісін түсіріп, қасында тұрған “Merсedes” маркалы автокөлігіне салып, көлікті жүргізіп кеткендігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша, “Mercedes” маркалы автокөлігін дереу тоқтатқан тәртіп сақшылары, тексеріс кезінде, аталған автокөліктегі мемлекеттің белгінің “Mitsubishi” маркалы автокөлігіне тиесілі екендігін анықтаған.

Аталған оқиға бойынша,
“Mercedes” маркалы автокөлігіне жалған нөмір тағып, көлік басқарған 26 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590  бабының  4 бөлімімен _(Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)_ әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жоланды.

Енді ол жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуі немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com