31 жастағы атыраулық 600 келі бекіремен ұсталды (+фото)

Атыраулық полицейлер Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғынан   600 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.

– 2021 жылдың 23-ші маусым күні Атырау облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасына 31 жастағы  Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балықтарын өз үйіне сақтап және сатып жүргені туралы ақпарат түскен. Полицейлер жедел іс-шара жүргізіп, тұрғынның мекен-жайы бойынша тінту жүргізілді.  Нәтижесінде күдіктінің  үйінің ауласында орналасқан сарай ішіндегі тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келі болатын 169 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша Жылыой аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 339 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

Exit mobile version