АТЫРАУДА

6 ақпанда үйден шығып кеткен атыраулық азаматтың өлі денесі табылды

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.

2021 жылдың 6 ақпанында үйінен белгісіз бағытқа шығып оралмай іздеу жарияланған Наурыз Айтекешовтың мүрдесі 17 сәуір күні сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тас жолы бойында Талқайран елдімекеніне қарасты шаруа қожалығының контейнерінің ішінен табылды.

Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты көрінген жоқ. Мүрде АОМ-ға тапсырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button