АТЫРАУДА

Әкім болғысы келсе, өз жобасын қорғап шықсын!

Ауыл әкімдерін сайлау ауылдағы проблемаларды анықтаумен қатар, тұрғындардың азаматтық ұстанымын білдіруге және төртінші деңгейдегі бюджет аясында ауылдағы билікті орталықсыздандыруға мүмкіндік береді. 

Қоғамдық бақылаудың артуы, халықтың сайлауға тікелей қатысуы, бәсекелестіктің болуы көптеген салалардың дамуына жол ашады. Бізде «Ауыл» партиясының атынан өз кандидатымызды ұсындық. Сөйтіп бәсеке алаңында жолықпақпыз. Кандидаттар арасында пікір-сайыс ұйымдастырылып, дода қыза түссе, әркім ауыл басқарудағы жобасын қорғап шықса, ол ауылдың бағы емес пе? 

Осыдан кейін тұрғындар билік өкілеттілігіне кімнің лайықты екенін анықтап, саяси таңдау жасайды. Бірте-бірте сайлау мәдениеті қалыптасады. Көп жағдайда «бізсіз де сайланар», дейтін әдетіміз бар ғой. Ол енді сайлаушының өресінің қандай екенін білдіреді. 

Сондықтан да әр тұрғын өзінің азаматтық ұстанымын міндетті түрде білдіру керек.

Керімбай САБЫРҒАЛИЕВ, «Ауыл» партиясыныңИндер аудандағы жетекшісі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button