АМӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН

    «2020 жылғы 2 сәуірде Атырау қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау басқармасы жасаған сараптама қорытындысы бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметкерінің коронавирустық инфекцияны (COVID-19) жұқтырғаны расталды», – depti ҚазМұнайГаз компаниялары тобының баспасөз қызметі.

Бұл қызметкер 2020 жылғы 28 наурызда жұмыстан тыс кешкі уақытта басқа науқас адаммен байланыста болу салдарынан инфекцияны жұқтыру ықтималдығы туралы хабарлады. Біздің әріптесіміз қолданыстағы ережелерді басшылыққа ала отырып, 2020 жылғы 29 наурызда өзі оқшауланды. 2020 жылғы 1 сәуірде байланыста болған адам коронавирустық инфекцияға шалдыққаны расталғаннан соң АМӨЗ қызметкерінен сараптама алынды. Оның нәтижелері бүгін белгілі болды.   

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы бекітілген рәсімдерге сәйкес онымен байланыста болуы мүмкін адамдарды тексеріп жатыр, мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара тығыз жұмыс жасауда, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен бірлесіп санитарлық-эпидемиологиялық шараларға кірісті.

Қазіргі уақытта АМӨЗ қалыпты режимде жұмыс жасап тұр, мұнай өнімдерін өндіру мен жөнелту бекітілген өндірістік жоспарға сай жүзеге асырылуда.

Exit mobile version