Баласы мас күйінде үйге келіп, анасын сыйламай, отбасы тыныштығын бұзған. Өкінішке орай, бұл әрекеті де бұдан бұрын қайталанған екен.
«Анасы сотта баласының өзіне сыйламаушылық көрсетіп, себепсіз былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтқанын және мұндай жайттар жиі қайталанатынын айтып, заңды шара қолдануды сұрады», – дейді Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен баласы 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.