Атыраулықтар жиі қозғайтын мәселелерінің бірі қалалық субұрқақтар құрылысы.
“Атырау қаласында 9 субұрқақ құрылысы” жобасына тапсырыс беруші “Қалалық құрылыс бөлімі” ММ мердігер “Еңбек” РМК болуда. Жоба 2018 жылы әзірленген және құрылыс жұмыстарына шарт 2019 жылғы 23 мамырда жасалды.
Жобаға сәйкес, субұрқақтар құрылысы төменде көрсетілген орындар бойынша жүргізіледі:
Балықшы кенті А.Құнанбаев көшесі, Құрманғазы атындағы Арбат, Қ.Смағұлов атындағы сквер, Құрманғазы атындағы МҮ ғимаратының алды, Авангард шағынауданы Жеңіс саябағы, Сәтпаев көшесі Д.Нұрпейісова атындағы Музыкалық академия ғимаратының алды.
Былтыр 2020 жылдың мамыр айында мердігер ұйымға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мердігердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды.
Келісімшарттың жалпы сомасы 1 092 482 277.60 теңгені құрайды. Орындалған жұмыстар актісіне сәйкес 2019 жылы мердігер мекемеге 816 070 000 теңге аударылды.
Бүгінде ақау тізімдемесі толтырылуда, оның негізінде техникалық тексеру жүргізіледі. Қорытынды алынғаннан кейін құрылысты жалғастыру үшін жобалық- сметалық құжаттама әзірленеді. Мердігер ұйымды орындалмаған жұмыстардың құнына сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіледі. Субұрқақтарды қайта жаңарту техникалық тексеруден кейін келісімшарттың қалған сомасына аяқталады.