«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолы келесі жылы пайдалануға берілмек

whatsapp image 2021 07 13 at 16.16.57
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ «АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевпен бірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолының жөндеу жұмысымен танысты» деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын жолдың 60 шақырымын биыл аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде оның 20 шақырымы пайдалануға берілген. Ал, қалған 40 шақырымында қызу жұмыс жүріп жатыр. 

«Қазавтожол» АҚ Ұлттық компаниясы тапсырыс берген мердігер мекемелерде 226 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 78 арнайы техника жұмылдырылған.

img 20210713 wa0066

Сонымен қатар, қалған 217 шақырымдық учаскесінде жолдың негізгі қабаттарын орналастыру, коммуникация желілерін ауыстырумен қатар, 25 су өткізетін құбырлар жүргізілуде. Бұл аралықты да халыққа ыңғайлы болуы үшін мерзімінде аяқтауға күш салынуда. Белгіленген аумақтағы жұмысты 183 арнайы техникамен 367 адам атқаруда. Оған қоса, жолдың сапасын анықтайтын зертханалар да жұмыс істеуде.

Мердігер мекемелердің басшыларымен тілдесіп, жұмыс барысымен танысып шыққан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекет басшысының автокөлік жолдары мәселесіне әсіресе, сапасына аса мән беріп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан маңызды жобаны жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондықтан жауапты мердігер мекемелерге жол құрылысының заманауи талаптарға сай болуын, сапалы әрі қауіпсіздік мәселесі ескеріле отырып белгіленген мерзімде бітуін айрықша тапсырды.

Айта кету керек, 6 бөлік бойынша жөнделіп жатқан жол құрылысы жұмыстарын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған