АТЫРАУДА

Ақтөбеде атыраулық студент баланы судан құтқарып қалды

28 мамырда 17 жастағы Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенті Айбар Серік ерлігімен ерекшеленді. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Қарғалы өзенінің бойында серуендеп келе жатып суға батып бара жатқан баланы байқайды. Ойланбастан суға түсіп, жағадан 2 метр жүзіп өтеді. Сөтіп, баланы жағаға шығарады. Осы жерде көмекке №55 мектептің оқушысы 15 жастағы Бимырза Манас келеді. Олар қалайда баланы құтқаруға бар күштерін салып, жүрегін уқалайды, өкпеге ауа айдайды. Көп кешікпей жедел жәрдем де жетеді. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Бейресми мәлімет бойынша атыраулық Айбар «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button