АТЫРАУДАҚазақстанда

АРМЯН КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕП ҮЛГЕРМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Атырау облысында Армения Республикасынан әкелінген 2600-дан астам көліктер тіркелді, – depti Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының аумағына Армения елінен әкелінген автокөлік құралдарын тіркеудің аяқталуына екі аптадан аз мерзім уақыт қалды.

1 қыркүйекте тіркеу мерзімі аяқталады. Көліктері тіркеуден өтпеген тәртіп бұзушыларға 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынып, көлік құралы айыппұл тұрағына қалдырылады.

«ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қазақстанға Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеужұмыстары 1 маусымнан басталды. Тіркеуге жеткілікті уақыт берілді, ал,тіркеумерзімін ұзарту қарастырылмаған», -деп ескертеді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Автокөлік құралдарын тіркеу Атырау қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, Құлсары қаласының және Құрманғазы селосындағы ХҚКО-тарында жүргізілетінін еске саламыз.

Тіркеу ережелері туралы толығырақ білуге және барлық сұрақтарға Call-орталықтың 8 775 056 94 68 немесе 8 (7122) 98-10-55 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы жауап алуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button