Асхан Байдуәлиев вакцинациялау жұмыстарындағы кемшін тұстарды түсіндірді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі вакциналау жұмыстарының көрсеткіші не себепті төмен екенін айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының айтуынша, вакцинацияның төмен көрсеткішінің негізгі себептерінің бірі – халық арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі.

Қазір Атырау облысы бойынша вакцинация жүргізу үшін 41 (Теңіз кен орнында – 2, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзаар» және «Дина» сауда-ойын-сауық орталықтарында – 5, қала мен аудандардың аудандық емханаларында – 24, сондай-ақ, 10 жылжымалы пункт) егу пункті бар.

Exit mobile version