«Ashyq» жобасы: Атырауда 50 бизнес нысаны іске қосылды

by Depti
0 views

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова кәсіпкерлерді «Ashyq» пилоттық жобасы арқылы жұмысын жалғастыруға шақырды.

  • Өңірдің “қызыл” аймақта болуына байланысты кәсіп өкілдері айтарлықтай шектеумен жұмыс жасауда. Ал, «Ashyq» пилоттық жобасы карантин кезінде кәсіпкерлерге еркін жұмыс жасауға мүмкіндік бере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,- деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов 3 күн ішінде Атырауда «Ashyq» жобасына қатысуға 72 кәсіпкерлік нысан ниет білдіргенін атап өтті. Бұл кәсіпкерлердің аталған қосымшаға деген қызығушылығы артқанын білдіреді.

  • 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын іске асыру басталды. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасын қоғамдық тамақтану орындары, фитнес-клуб, спа-орталықтары, сауна, кинотеатр, бассейн және театрлар мен филармонияларда іске асыру көзделді. Жобаға қатысуға ниет білдірген 72 кәсіпкерлік нысанның 50-і QR-код алып, қосымшаны тестілік режимде пайдалануда. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қатысу үшін “Атамекен” кәсіпкерлік палатасына өтініш береді, – деді Мәдениет Танауов.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com