«АТЫРАУ-АҚПАРАТ» МЕДИАХОЛДИНГІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры болып Әлібек Татанов тағайындалды.

Мекеме қызметкерлеріне облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев таныстырды.

Осы кезге дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС мекемесін басқарып келген Қайрат Абуовке рахметін айтып, жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Әлібек Татанов бұған дейін «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола филиалының директоры болып жұмыс жасаған.

Exit mobile version