АТЫРАУДА

«АТЫРАУ» АҚЫРЫ ЖЕҢІЛДІ

Футболдан Премьер-Лиганың 15-ші турында «Қайрат» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады.

«Ойын қызықты және тартымды өтті.  Матчтағы есепті Шыңғыс Есенаманов ашты. Екінші таймда Нұрсұлтан Пиялы есепті еселеді. Ал ойынның нүктесін Дәурен Тұрсағұлов қойды. Сөйтіп, «Қайрат» «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді», – depti Қазақстан футзалының әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін көкшетаулық «Оқжетпесті» және оралдық «Бәйтеректі» қос ойын қорытындысында жеңіп, толық 12 ұпай иеленген еді.

Еске сала кетейік, «Атырау» биыл алғаш рет мини футболдан ел чемпионатына команда қосып, құрамына тәжірибелі бразиялылық ойыншылармен қатар, әйгілі бапкер Бетаоны алған болатын. Сонымен қатар, 2018 жылдың ең үздік қақпашысы Карека да «Атырау» сапына қосылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button