АТЫРАУДА

Атырау еріктілері мұқтаж жанның үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді

        Ақпан айының алғашқы күні «Атырау волонтерлдар корпусының»  еріктілері құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жәйсіз отбасылар тізімінде тұрғандардың үйлерін аралады. Рейд барысында қаланың Тәуке хан көшесінде тұратын жанұяның жағдайы ерекше назар аудартты. Үйінде үлкен әжей 1 қыз, 2 бала және 3 жиенімен тұрады екен. Қызы екінші топ, кіші ұлы үшінші топ мүгедегі. Үйінің іші де, сырты да қоқысқа толы болған. Әсіресе, осындай жағдайда кішкентай балалардың өмір сүруі қаламыздың белсенді жастарын немқұрайлы қалдырмады. Себебі, егер орын алған жағдай түзелмесе, мемлекеттік органдар тарапынан анасын ата-аналық құқығынан айыратындығы жөнінде ескерту жасалған.

Сауапты іс қылып, аталған отбасыға тағы бір мүмкіндік беру мақсатында келесі күні «Атырау волонтерлар корпусы», «Атырау волонтералар командасы», «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры және облыс орталығындағы оқу орындарының студенттерінен құралған еріктілер, үйі мен ауласын жинастырып берді. «Atyrau-Avtopark» тарапынан тегін автобус қарастырылып 20-дан астам жас жарты күнде тазалық орнатты.

 «Біз алғаш көргенде адам шошырлықтай жағдай болды. Жазығы жоқ балдарды аядық. «Көп біріксе-қол» дегендей, көптеп-көлемдеп еңбек атқарып шықтық. Енді үй иелері өздерінің тұрағына жауапкершілікпен қараса екен дейміз», – депті еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен 2020 жыл – «Еріктілер жылы» болып жарияланған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button