АТЫРАУДА

АТЫРАУ ГАРНИЗОНЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК АТЫСТАР ӨТУДЕ

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері «Қарабатан» оқу полигонында атыс жаттығуларын жүргізу арқылы қарқынды әскери дайындықты жалғастыруда.

Әскери қызметшілер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра атыс дайындықтарын өткізіп, енгізіліп жатқан жаңа жаттығулар бойынша дағдыларын жетілдіруде.

«Атыс дайындығы барлық санаттағы әскери қызметшілермен күндіз де, түнде де жүргізіледі. Атыс дайындығы бойынша әр жаттығу біздің тәжірибемізді арттырып, нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұның барлығы өз кезегінде әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығына әсер етеді. Бүгінгі атыстар барысында офицерлер, сержанттар мен сарбаздар жақсы нәтиже көрсетіп, қару-жарақты, әскери техниканы қолдану мен нысананы дәл атумен жоғары даярлықтарын тағы бір дәлелдеді», – depti бөлім командирі подполковник Есболат Нурекешев.

Атыс даярлығынан басқа, оқу полигонында мамандық бойынша бақылау жаттығуларынан сынақтар қабылдануда. Негізгі мақсат – әскери қызметшілердің лауазымдарына сәйкес білімдерін арттыру. Қысқа мерзім ішінде әскери қызметшілер барлық ұрыс түрлері бойынша іс-қимыл негіздерін, әртүрлі әскери техникалар мен әдістерді игерді, жеке қару-жарақтарының жауынгерлік мүмкіндіктері мен оларды қолдану ережелерін зерттеді.

Сондай-ақ, оқу полигонында даярлық тәжірибесіне енгізу үшін армиялық тактикалық атыс сынақтары өткізілуде. Олардың басты мақсаты – қаруланған әскери қызметшілердің деңгейін арттыру, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардағы дағдыларды жетілдіру болып табылады.

53510457 3bd3 4c5f a5f2 06438f5ed1a5

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button