АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ ТАҒЫ ЕКІ ИВЛ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бұған дейін облыс көлемінде барлығы 111 медициналық аппарат болған. Олардың қатары тағы екі жасанды тыныс алу аппаратымен толықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақта 1 маусым мен 29 маусым аралығында пневмония ауруымен 422 адам тіркелген. Өсім 89 пайызды құрап отыр. Бұл ретте науқастардың өмірін сақтап қалу үшін жергілікті кәсіпкерлер де көмек қолын созуда.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде таптырмас құралдардың бірі ИВЛ аппараты қойылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова осындай қиын кезеңде көмек көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Exit mobile version