АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Ю.В.Ильин Атырау облысында өткен жұмыс сапарында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің жаңа бастығы – азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлы Бержановты таныстырды.


Омар Бержанов өзінің еңбек жолын 1989 жылы қыркүйекте Гурьев облысы Ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген ӨСБ өрт сөндіруші қызметінен бастады.


Өзінің еңбек жолында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметтерін атқарған.\
Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметтерін атқарды.


ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен және тағы басқа көптеген марапаттарға ие болды. Атырау облысы ТЖД

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button